мектеп тарихы » "Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(777) 579-26-11
Есепші бөлімі:
+7(777) 579-26-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2023

мектеп тарихы

Саржал мектебінің негізін қалаған көрнекті қоғам қайраткері журналист Шаймардан Тоқжігітов. Ол ауылды жерде сауатын ашып, Семей қаласында қазақ, орыс бастауыш мектебінде оқып, одан кейін гимназия бітіреді.
Қоғамдық істерге белсене араласқан Шаймардан зиялылар ортасында бола жүріп, дүние танымы мен рухани өсуін, өнеге алуын жетілдіре түседі. Өзінің бала күннен ойында жүрген арманы-туған ауылында мектеп ашуды бір сәтте есінен шығармайды.
1923 жылы ауылына келген Шаймардан ауыл адамдарымен әңгіме өткізіп, әкесі Омардың үш бөлмелі үйінің бір бөлмесін балаларды оқытуға бергізеді. Осылайша алғашқы бала оқытуды бастаған Омар қорасындағы оқу орны, осы қораның сыртындағы Саржал жотасының атымен «Саржал» мектебі деп аталған.
24 бала оқыған алғашқы мектептің ұстазы Ыбырай Матайұлы болды. Оқушыларды Саржал, Сарғалдақ, Күлмен ауылдарынан жинаған.1928 жылы мектеп «Ши» елді мектеніне көшіріліп, жеті жылдық мектепке айналады. Осы мектепті салдырған да, директоры болған да Қали Мақажанов. Мұғалімдері Ы.Матаев,О.Диханбаев. 1955-1956 оқу жылы мектеп он жылдыққа айналып, Тельман совхозы орталығына көшеді. 1975-1976 оқу жылында 784 балалық үш қабатты жаңа жобадағы ғимарат салынып, сабақ сонда басталады. Халық депутаттары Абай аудандық IX қаулысы 10.03.1992 жылы, Саржал ауылдық кеңесінің 04.11.1991ж VII сессиясының қаулысы бекітіліп, Саржал орта мектебіне Ш.Тоқжігітов есімі берілді. Мектептің өткен тарихы оның ұстаздар мен шәкірттерінің атақ-даңқымен арайланып әйгілене түсіп, ерекше белгілі қалдырды дейтін болсақ, осы мектепте заманның қилы кездерінде директор болған үлгі тұтар, ұлағатты ұстаздар: Тәттібек Түсіпбаев, Тәуірбек Исабеков,Құсайын Әлімжанов, Халел Бозанбаев, Зәрер Садуақасов, Бәттәш Сыдықов, Құлтан Мендекин, Мұхаметхан Мұратханов, Рысбек Ақшекин, Мамырхан Тоққарин, Сәкен Сейсенов, Ерлан Ақбергенов .
Мәліметтер ,, Шыңғыстың білім ордасы ,, кітабынан алынды.

Похожие публикации:

21 ноябрь 2023 Мекен жайымыз
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив